«Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 317 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32037 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгдлізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеуді жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтары, бірлескен базасы мен пайдалануындағы әуеайлақтары бар әуе кемелерін пайдаланушыларға, жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.»;
3-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жердегі әуе кемесін мұз қатуға қарсы қорғау сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы - осы қағидалар мен белгіленген стандарттар талаптарының сақталуын көрсету үшін қажетті барлық аспектілерді біріктіретін, осындай сақтауды бақылауды қамтамасыз ететін, әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғауын ұдайы жетілдіретін және әуе кемелерінің сыни беттерде қар және мұз шөгінділерімен ұшып кетпеуін қамтамасыз ететін нұсқаулықтарда құжатталған рәсімдер, қағидаттар мен процестер жиынтығынан тұратын бағдарлама;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: