«Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 173 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Тізілімге қосу үшін: