«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 86 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 26-8-тармақпен толықтырылсын:
«26-8. Транзиттік портфель – кейіннен активтер бойынша төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін мән-жайлардың (дүлей күш құбылыстары, соғыс қимылдары, төтенше жағдай) салдарынан Қағидалардың параметрлеріне сәйкес келмеуі туындаған, бұрын жинақ портфеліне сатып алынған Қордың осы активтерінен қалыптастырылатын уақытша портфель.»;
мынадай мазмұндағы 35-6-тармақпен толықтырылсын:
«35-6. Қордың портфельдері үшін Қағидаларда көзделген шектеулер транзиттік портфельде орналастырылған активтерге қолданылмайды.»;
36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«36. ICE BofA US 6-Month Treasury Bill Index индексінің құрамы тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып табылады. Бұл индекс алты айға дейінгі өтеу мерзімі бар АҚШ қазынашылық вексельдерінен тұратын ICE Data Indices компаниясының индексі болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 44-2-тармақпен толықтырылсын:
«44-2. Жинақ портфелінің құрылымында транзиттік портфельді жасауға жол беріледі.
Транзиттік портфельді бағалы қағаздарды сатып алу арқылы толықтыруға жол берілмейді.
Транзиттік портфельді басқарудың мақсаты үстеме кірісті алу болып табылмайды.»;
48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: