Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 42 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 5 июля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 5 июля 2023
Дата последнего изменениясреда, 5 июля 2023

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 42 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:

14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, алғашқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;»;

15-тармақта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде бағаларды тіркеу;»;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:

1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелімді;

2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом