«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 174 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13225 тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) бас ұйым - еншілес ұйымдар акцияларының бақылау пакетіне ие компания;»;
18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: