«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 110 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі сәуірдегі № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібін айқындайды.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген) Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі – Орналастыру қағидалары) сәйкес өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.