Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 7/58-VIІ шешімі
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 995 324 814 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 37 881 647 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 10 046 842 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 215 675 мың теңге;
трансферттер түсiмi - 947 180 650 мың теңге;
2) шығындар - 1 019 785 266 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 21 389 591 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 46 643 420 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 25 253 829 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 233 036 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 233 036 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 46 083 079 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 46 083 079 мың теңге.»;
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. 2021 жылға облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне - 50 пайыз;
облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:
Бәйдібек ауданының бюджетіне - 35 пайыз;
Жетісай ауданының - 44,5 пайыз;
Қазығұрт ауданының - 50 пайыз;
Келес ауданының - 42,7 пайыз;
Мақтаарал ауданының - 50 пайыз;