Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 6/30-VII шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 5 тармағына, 111 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5987 тіркелген, 2020 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 83 850 339 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 12 097 908 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 69 558 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 110 600 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 57 572 273 мың теңге;
2) шығындар - 103 770 441 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 1700 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 1 700 мың теңге;