«Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 284 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау кезінде жануарларды аулаудың жол берiлетiн шектi көлемiн айқындау үшiн популяция өсiмiн болжау әдiсi пайдаланылады. Кейiннен, әрбір шаруашылықта жануарларды аулаудың көлемiн кәсіпшілік қарсаңында есепке алу, олар мекендейтін ортаны мониторингтеу, алудың оңтайлы көлемі, климаттық және әлеуметтiк факторлар деректерiне түзету енгізе отырып, өзгерту қажет.