Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 және «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 523 Қаулысы
(2025.23.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2025.23.08. № 671 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізіміне енгізу өлшемшарттары (қағидаттары) бекітілсін.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және онымен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың өткізу, қайта ұйымдастыру, тарату мерзімдерін, тәсілдерін, сондай-ақ өзге де шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқармасы айқындайтын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесі назарға алынсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендірудің 2021 ‒ 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік меншіктегі объектілерді жекешелендіру және квазимемлекеттік сектор объектілерін бәсекелес ортаға беру» деген 1-бөлім:
мынадай мазмұндағы 4-жолмен толықтырылсын:
«