«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 64 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1)-тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) Қан алу жүйесі - тасымалдауға арналған және элементтерді қан алу үшін қайта пайдалануды болдырмайтын, саңылаусыз жабылған шыны түтікшеге (котейнер) тікелей қан алуды жүргізуге мүмкіндік беретін, өзара байланысқан бір реттік элементтердің қосындысы.»;
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шыны бойынша қарындаш (маркер), пастер пипеткалары, шыны түтіктер, қан алу жүйесі, саптыаяқтар, стақандар, нормативтік құжаттарға сәйкес келетін диаметрі мен ұзындығы әртүрлі металл және пластмасса құбырлар;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Зерттеу үшін іріктелген сұйық сынамаларды құрғақ таза шыны немесе полиэтиленді ыдысқа немесе біржолғы түтіктерге, сусымалы сынамаларды тығыз полиэтиленді қаптарға орналастырады.
Шыны, полиэтиленді ыдыстарды, түтіктерді, қаптарды пергамент қағазға орайды, жіппен байлайды және мөрлейді.
Сынамалардың оралған үлгілерін арнайы лайықталған жәшікке орналастырады, жөнелтілетін өнімнің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қағазбен жабады.»;
1-қосымшада:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: