2019-2021 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 21/237 шешімі
(2019.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019.13.03. № 24/261 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2019 жылға арналған қалалық бюджет тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 33 839 805,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 21 232 075,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 110 067,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 863 588,3 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 9 634 073,5 мың теңге;
2) шығындар - 31 402 091,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 003 121,9 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 003 787,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 665,6 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 565 407,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 565 407,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 4 003 787,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 2 448 096 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 9 716,4 мың теңге.
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019.13.03. № 24/261 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленгені ескерілсін: