Введите номер документа
Прайс-лист

«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1318 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 26 декабря 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 9 января 2024
Дата последнего изменениявторник, 26 декабря 2023

 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1318 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. Хабарламаның орындалуын растауды ведомствоның аумақтық бөлімшелері объектіден хабарламаны орындау жөніндегі ақпарат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал арқылы жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

«18-1. Хабарламаның орындалуын бақылауды ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға веб-порталда белгі қойып жүзеге асырады.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Хабарламада, оның ішінде осы Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жіберілген хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі веб-портал арқылы Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарға қарсылықты уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссияға (бұдан әрі - Апелляция комиссиясы) береді.

Ведомствоның аумақтық бөлімшесі осы Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасына сәйкес хабарламаға өзгерістер (толықтыру) енгізген кезде аудит объектісі осындай шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға қарсылық білдіруге тиісті өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом