Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 31 «Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 22 шілдедегі № 148 Қаулысы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 14 мамырдағы № 90 Қаулысымен күші жойылды
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 31 «Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
16 тармақ:
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды жүзеге асырады;
11-2) жұмыс берушінің осы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 122-бабында көзделген міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;