Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 764 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37229 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) виртуалды қойма - тауарлардың автоматты режимде өткізілуін бақылауға арналған электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінің (бұдан әрі - ЭШФ ЦЖ) модулі;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасында ұлттық қадағалап отыру жүйесі ЭШФ ЦЖ болып табылады, ол Келісімге сәйкес ұлттық қадағалап отыру жүйесін, оның ішінде ұлттық қадағалап отыру жүйесінен мәліметтерді сақтауға арналған жүйені пайдалана отырып, қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.»;
9-тармақтың 1) және 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электрондық құжаттар түрінде ресімдеу техникалық іркілістерден, байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернет цифрлық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуынан, электр энергиясының өшіп қалуынан, сондай-ақ Келісімнің 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ЕЭК айқындаған өзге де жағдайларда туындаған цифрлық жүйелердің жарамсыздығына байланысты мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдейді;
2) цифрлық жүйелер істен шыққан жағдайда тауарларға ілеспе құжаттарды қағаз жеткізгіште ресімдейді және осындай құжаттарды цифрлық жүйелердің істен шығуын жойған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұлттық қадағалау жүйесіне енгізеді;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: