Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Атырау облысындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 4 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Атырау облысындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 4 Қаулысы (күші жойылды)
Датапятница, 18 марта 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 марта 2022

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Атырау облысындағы карантиндік шектеу шаралары туралы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 4 Қаулысы

 

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 5 Қаулысымен күші жойылды

 

Атырау облысы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының тұрғындарына:

1) 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық маскаларды кию режимін сақтау;

2) COVID-19 коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (жөтел, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) бар адамдар медициналық маскаларды кию режимін сақтау.

2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар қамтамасыз етсін:

1) 14.03.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 12 қаулысына сәйкес қызметтің әрбір түрі үшін бекітілген талаптар мен алгоритмдерді сақтауды;

2) 14.03.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 13 және 25.08.2021 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 36 қаулыларына сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқуды;

3) 14.03.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 14 қаулысынаjl:32911007.0.1008526911_0 сәйкес «Ashyq» мобильді қосымшасын субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде, қызметіне шектеу қоймай пайдалануды;

4) отырғызу орындарының саны бойынша салондарды толтыра отырып, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік санын ұлғайту;

3. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:

1) облыс тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізуді;

2) 13.01.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 2 және 18.02.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 11, 14.03.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 12 қаулылары талаптарының орындалуын.

4. Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын.

5. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 2 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы», 2022 жылғы 10 ақпандағы № 3 «Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.А. Бекешеваға жүктеймін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.

 

 

Атырау облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

 

 

М. Танауов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!