Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 30 декабря 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 30 декабря 2024
Дата последнего измененияпонедельник, 30 декабря 2024

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 Қаулысы

 

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына және 25-бабына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 24-32-14.279-3 тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымына (бұдан әрі - Академия) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Академияға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3. Мыналар Академия қызметінің негізгі түрлері болып айқындалсын:

1) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;

2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізу;

3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізу;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом