Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 2-1 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 2-1 Қаулысы (күші жойылды)
Датасуббота, 5 марта 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 марта 2022

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 2-1 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 3 Қаулысымен күші жойылды

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев, мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;

Ауыр жіті респираторлық синдром - 2 (SARS-CoV-2) коронавирусынан туындаған коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - COVID-19) сырқаттанушылық бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 6,2%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,624 құрағанын анықтадым.

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африкалық» В.1.351), «гамма» («бразилиялық» Р.1), «каппа» («үнді» В.1.617.1), «йота» («нью-йорктық»), «ета» («нигериялық»), «омикрон» (оңтүстік-африкалық В.1.1.529), «бақылаудағы нұсқалар» (В.1.640.1 және В.1.640.2) және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) және 7) тармақшалары, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 2 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) «Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2022 жылғы 8 наурыздан бастап 21 наурызға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін».

2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы 2022 жылдың 8 наурызынан бастап күшіне енеді және оның ресми түрде күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

 

 

Қ. Турдиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!