Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығы
(2025.31.08. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025.30.07. № 288 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.07.08. № 293 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;