Осы редакция 2019 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
6-қосымша
«Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама.