«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 107 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 506 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 398-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесінде:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мына:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк);