Осы редакция 2018 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2018.16.02. № 72 Қаулысымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 566 қаулысымен
бекітілген
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi
(2018.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: санаторий-курорттық емделу ұсынуға еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау