Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20-ПГВр Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 12 марта 2020
Статус
Утратил силу
утратил силу с 16 марта 2020

Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20-ПГВр Қаулысы

 

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 25-ПГВр Қаулысын қараңыз

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде COVID-19 коронавирустық инфекция (бұдан әрі - КВИ) бойынша пандемия жариялауына байланысты, Қазақстан Республикасына КВИ әкелінуіне жол бермеу, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларды (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы және т.б. кинотеатрларды, балалардың ойын алаңдарын жабу) өткізуге тыйым салуды;

2) адамдар көп болатын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, діни объектілер, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, ХҚКО, вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлер, денсаулық сақтау (оның ішінде дәріханалар), білім беру ұйымдарында және т.б.) санитариялық-дезинфекциялық режимді (беткейлерді күніне кемінде екі рет өңдеу) күшейтуді;

3) қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерге, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салуды және санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді;

4) әрбір рейстен, қоғамдық көлік тоқтағаннан кейін қоғамдық көлікті жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді (күніне кемінде екі рет) қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп:

1) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында каникулға ерте шығаруды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом