«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 110 бұйрығы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9614 тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»;
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттесттау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;