Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-91/2020 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабының 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін жерлерде және (немесе) объектілерде COVID-19-дың таралуына жол бермеу үшін:
1) COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары адамдар топтарын анықтау;
2) жеке қорғаныш құралдарын және антисептиктерді пайдалану, оның ішінде ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде) медициналық маска кию;
3) жанаспайтын термометрияға арналған құралдарды пайдалану;
4) адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтық;
5) үй-жайларды желдету және дезинфекциялау;
6) стационарлардың жұмыс істеуі;