Введите номер документа
Прайс-лист

«Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 16 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 3 февраля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 16 февраля 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 3 февраля 2025

«Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 16 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35243 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының азаматы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеудің қолданылу мерзімі өткенге дейін шектеуді алты айдан кем емес және он жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтінішті алдыңғы өтініштерді ескере отырып бере алады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

1) толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсету;

2) ұсынылған өтініштің осы Қағидалармен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі немесе өтініштің болмауы;

3) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен жақын туысы, отбасы мүшесі өтініш берген кезде азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу туралы сот шешімінің көшірмесінің болмауы;

4) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу мерзімі көрсетілмеген;

5) жақын туыстары, отбасы мүшелері болып табылмайтын үшінші тұлғалар өтініш берген жағдайда.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом