«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 55 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Компоненттік құрам көлемдік үлестермен не молярлық үлестермен беріледі. Анықталмайтын компоненттер кезіңде газдың құрамы этан негізінде консервативті қабылданады. Бұл ретте ЭЕҚ көлемдік үлестермен молярлық үлестерге автоматты түрде қайта есептеу жүргізеді. Әр түрлі компоненттердің үлесінің сомасы 1-ді құрайды;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
«18-1. Қондырғы операторы газдың құрамы мен оның тығыздығы туралы ақпаратты газдың әрбір партиясы үшін жеке ескереді, содан кейін алынған нәтижелерді қорытындылайды және есептеулерде есепті кезеңдегі орташа көрсеткіштерді пайдаланады.»;
1-кестесі жаңа редакцияда жазылсын:
«
1-кесте
Жанғыш газдар үшін әдеттегідей коэффициенттер
| Газ атауы | Өндірістік процесс/газ көзі | Газдың тығыздығы (стандартты жағдайларда) | Газдағы көміртектің массалық/көлемдік үлесі | Газды жағу үшін СО 2 эмиссиялық коэффициенті | Төменгі көлемдік жану жылуы t-20 о С р-101325 Ra |
| | килограмм/текше метр | көміртегінің массасы/газдың массасы | көміртегінің массасы/1000 текше метр газ | 2 массасы / газдың массасы | 2 /1000 текше метр газдың массасы | 2 /терраджоуль массасы | терраджоуль/1000 текше метр |
| кокс | Кокс өндірісі | 0,45 | 0,5047 | 0,2271 | 1,8495 | 0,8323 | 48,0999 | 0,017303 |
| Жартылай кокс | Шұбаркөл көмірінен жартылай кокс өндіру (арнайы кокс) | 0,91 | 0,17 | 0,15 | 0,60 | 0,54 | 70,85 | 0,0076 |