Осы редакция 2017 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
2-қосымша
«Валюталық операцияны тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.