ҚР Ішкі істер министрінің 2019.04.05. № 383 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығымен күші жойылды
«Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.04.05. берілген толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөліністері (қызметкерлері) іс-әрекеттерінің тәртібі
5. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген «Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші (қызметкер) 20 минут ішінде құжаттардың толықтығын тексереді.