Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 78/17-8 «2024-2026 жылдарға арналған Қосшы қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы № 123/28-8 шешімі
Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 78/17-8 «2024-2026 жылдарға арналған Қосшы қаласының бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 20 422 393,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 2 553 040,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 63 723,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 121 489,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 17 684 141,0 мың теңге;
2) шығындар - 22 341 155,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 7 384,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 7 384,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 926 146,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 926 146,2 мың теңге».
көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 2-1- тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Трансферттік түсімдерге облыстық бюджеттен 1 911 256,0 мың теңге несиелер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының тұрғын үй құрылысын және (немесе) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтер, сатып алуды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа енгізу үшiн шығарылатын мемлекеттiк құнды қағаздардың шығарылымынан түсетін түсімдерінен 1 592 716,0 мың теңге;
облыстық бюджеттен тұрғын үйді және (немесе) пәтерлерді, сатып алу үшін берілетін бюджет кредиттерінен 318 540,0 мың теңге.»;