Введите номер документа
Прайс-лист

«Жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 386 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 29 қазандағы № 568 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 29 октября 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 20 марта 2022
Дата последнего измененияпятница, 29 октября 2021

 «Жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 386 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 29 қазандағы № 568 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17048 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықта:

2-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жою нұсқалары – өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын және жою жоспарының мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу кезінде жою жөніндегі таңдап алынған іс-шараларды айқындау үшін бағаланатын жер қойнауы учаскесінің әрбір объектісін жоюға ұсынылған балама тәсілдердің жиынтығы;»;

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28) мүдделі тараптар – мүдделі жұртшылық, мемлекет, өндірістік ұйымдар, жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайтын жер учаскесінің иесі (болған жағдайда) және жер қойнауын пайдалану салдарларын жою мәселелері бойынша шешімдер қабылдау процесінде мүдделері қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін басқа да тұлғалар;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жою жоспары:

1) қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесі үшін;

2) тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілерін орналастыру және (немесе) пайдалану кезінде жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі үшін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом