Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығы
(2023.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Әділет министрінің 2023.10.11. № 810 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.10.11. № 535/НҚ бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2024 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператордың базасында автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын:
- «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»;
- «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»;
- «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»;
- «Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау;
- «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру»;
- «Сот сарапшысының біліктілігін беру».