Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 142-VII Заңы

Информация о документе
Датасуббота, 17 сентября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 19 сентября 2022
Дата последнего изменениясуббота, 17 сентября 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына

 өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1. 2-бапта:

1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.»;

2) 3-1-тармақтағы «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. 41-баптың 1-тармағындағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын.

3. 42-баптың 5-тармағындағы «қатарынан екі реттен» деген сөздер «бір реттен» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. 71-баптың 1-тармағында:

1) бірінші бөліктегі «алты» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) екінші бөліктегі «қатарынан екі реттен» деген сөздер «бір реттен» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. 91-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тəуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері, Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережелер өзгермейді.».

6. Мынадай мазмұндағы 94-2-баппен толықтырылсын:

«94-2-бап

Конституцияның 42-бабы 5-тармағының ережесі Конституцияның осы нормасы күшіне енгеннен кейін өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамдарға қолданылатын болады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті

 

          Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 қыркүйек

                   № 142-VII

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом