«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 676 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысы) сәйкес сотталғандар киім-кешек мүлкімен, кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.
Жатын үй-жайында көзге көрінетін жерде сотталғандардың жатын орындарының орналасу схемасы орнатылады.
Өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және арнаулы жүрiп-тұру құралдарынсыз (кресло-арбалар) жүріп-тұра алмайтын бірінші немесе екіншітоптағы мүгедектігі бар адамдар мүмкіндік болған жағдайда жатақхана ғимараттарының бірінші қабаттарында тұрады.
Жатын орындары ауыстырылмайды және перделенбейді.
Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.
Түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар мен төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылғандардан басқа сотталғандарға күн тәртіптемесімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануға жол берілмейді.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: