«Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 340/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12151 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Радиоәуесқойлық қызмет - тиісті хабарлама жіберген жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өздігінен үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеу мақсаттарына арналған радиобайланыс қызметі.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентінің (International Telecommunication Union, ITU, Женева 2012 жыл) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әуесқойлық радиостанцияларды пайдалану әуесқойлық радиостанцияның санатына байланысты қуатқа сәйкес Қазақстан Республикасында әуесқойлық радиобайланыс үшін бөлінген жиілік белдеулерінде жүзеге асырылады.
Радиоәуесқойлық қызметтің санаты келесідей айқындалады:
үшінші санат - хабарлама жіберілген сәттен;
екінші санат - хабарлама жіберілген сәттен бір жылдан бұрын емес;
бірінші санат - хабарлама жіберілген сәттен екі жылдан бұрын емес;