«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 476/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілікпен қамтамасыз етуіндегі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ-ға және ЖЖҚ-ға;»;
2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) РЖС лоты (бұдан әрі - объект) - әрбір лоттың жиілік белдеуі енінің белгілі бір диапазонын, жиілік номиналдарын, пайдалану аумағын, байланыс технологиясын/түрін, елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді көрсете отырып, радиожиілік органдары айқындайтын және (немесе) бастапқы бағасы конкурс (аукцион) жеңімпазына пайдалану құқығы берілетін аумақтар;»;