«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 28 шілдедегі № 226-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5356 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қосымша:___________________________________________________
(менеджмент жүйесінің құжаттары және басқалар, оның ішінде оларды орындау жөніндегі дәлелдер қоса беріледі)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтінімді қағаз жеткізгіште берген кезде:
(мөр орны) ______________________
(қолы, лауазымы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)
20__ жылғы «__» ______
Электрондық нысанда өтінім беру кезінде:
Өтінім беруші 20__ жылғы «__» ______ __:__ сағатта қол қойып берді.
Өтінім берушінің электронды цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер: _______
Өтінім берушінің ЭЦҚ қол қойған күні мен уақыты: ___
Өтінімнің ақпараттық жүйеде автоматтық тіркелуі туралы хабарлама:
20__ жылғы «__» ______ __:__ сағатта қабылданды.»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
аккредиттеу алдындағы үлгілік шартының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«_____________ 20__жылғы «____»_________________
(жасалған орны)
_______________________________________________________________,