Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 303 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 16 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 16 июня 2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 303 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:

2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) комиссиялық тапсырма - мүлік және тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;»;

12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударады.»;

14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом