«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1143 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін, мерзімді әскери қызметке шақырылатын, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін оқуға түсетін азаматтарды медициналық куәландыру»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін, мерзімді әскери қызметке шақырылатын, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін оқуға түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – ЖАО) медициналық комиссиясы жүргізеді.
Медициналық куәландыру жүргізілгенге дейін ЖАО медициналық комиссиясының маман-дәрігері куәландырылушының жеке басын куәландырады.
Әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін оқуға түсетін азаматтарды медициналық куәландыру барысында: