Введите номер документа
Прайс-лист

«Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 Нормативтік қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 29 июня 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 23 июля 2018
Дата последнего измененияпятница, 29 июня 2018

Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 Нормативтік қаулысы

 

Сот практикасының біркелкілігін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 22-тарауының процестік шығындарды өндіруді регламенттейтін нормаларын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді:

1. Процестік шығындар - бұл қылмыстық іс бойынша іс жүргізумен байланысты шығыстар, олар республикалық бюджет қаражаты немесе күдіктінің, айыпталушының, сотталған адамның, олардың заңды өкілдерінің қаражаты есебінен өтеледі, сонымен қатар қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған жеке тұлғаларға (жәбірленушілерге, жеке айыпталушыларға, куәлерге, сарапшыларға, аудармашыларға, куәгерлерге, адвокаттарға және т.б.) және заңды тұлғаларға (сараптамалық мекемелерге, қылмыстық қудалау органдарына және т.б.) төленетін төлемдер (сыйақылар).

ҚПК-нің 177-бабының 11) тармағы бойынша процестік шығындар түрлерінің тізбесі түпкілікті болып табылмайды.

2. Іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық-процестік заңнамада көзделген дәлелдемелерді жинаумен, зерттеумен және бағалаумен тікелей байланысты анықтау, тергеу органдарының және соттың шығыстарын процестік шығындарға жататын өзге де шығыстар деп түсінген жөн.

Оларға тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде бүлінген немесе жойылған заттардың құнын өтеуге, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде зақым келтірілген мүліктің құнын өтеуге, эксгумациялау мен жерлеу бойынша және т.б. шығыстарға байланысты шығыстар жатады.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге байланысты шығыстар процестік шығындарға жатпайды.

Жәбірленушілерді емдеуге жұмсалатын шығыстар процестік шығындар болып табылмайды, олар азаматтық қойылған талап бойынша ҚПК-нің 166-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстық іспен бір іс жүргізуде қаралуы тиіс.

3. ҚПК процестік шығындарды өндіру туралы белгілі бір өтініш нысанын көздемейді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом