ҚР Ішкі істер министрінің 2019.04.05. № 383 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығымен күші жойылды
«Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.04.05. берілген толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген «Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) (бұдан әрі ‒ Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Құжаттар пакетін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті алушы арқылы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің (бұдан әрі ‒ МТНБ) телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық
бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаты