«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 520 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында:
«Мемлекеттік бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Қаржыландыру көздері мен көлемдері | Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемдері: млрд теңге | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | Барлығы | | РБ* | 652,6 | 637,2 | 592,5 | 505,6 | 394,2 | 388,3 | 3 170,4 | | ЖБ* | 32,6 | 32,6 | 32,2 | 28,9 | 29,1 | 28,9 | 184,3 | | Бюджеттен тыс қаражат | 704,5 | 322,9 | 280,9 | 200,4 | 200,2 | 202,0 | 1910,9 | | Барлығы | 1389,7 | 992,7 | 905,6 | 734,9 | 623,5 | 619,2 | 5 265,6 | *Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау шамасына қарай нақтыланады. |
»;
5.1.1-кіші бөлімде
2-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган ҚТҚЖБ-ға өңірлер бойынша кредит беру лимиттерін көзделген санаттағы кезекте тұрғандардың санына қарай барабар бөлуді жеткізеді.