Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 154 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 13 октября 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 30 октября 2023
Дата последнего измененияпятница, 13 октября 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 154 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларында:

12-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімнің мониторингі (бұдан әрі - 7-қосымша).»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының филиалдары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік ұйым филиалдарының қалалық және аудандық бөлімшелері:

1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы нұсқамалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге қатысты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде өнімнің сынамаларын іріктеуді, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді жүргізеді, жүргізілген зерттеулер туралы деректерді жинауды, оларды алғашқы өңдеуді жүзеге асырады;

2) аудандық, облыстық деңгейлердегі тиісті аумақтардағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне жүргізілген зерттеулер бөлігінде деректерді осы Қағидалардың (1) тармақшасын қоспағанда) осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерге дейін 3 жұмыс күні бұрын 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес береді.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом