Введите номер документа
Прайс-лист

«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 118/НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 30 марта 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 14 апреля 2023
Дата последнего изменениячетверг, 30 марта 2023

«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 118/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулығында:

3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) шығыстар есебінің «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;»;

18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «электрондық үкіметтің» архитектурасының іске асырылу барысы туралы ақпарат;»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Уәкілетті органның қарауына «электрондық үкіметтің» архитектурасында көрсетілген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстардың есебі жатады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. «Электрондық үкіметтің» бекітілген архитектурасы болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында құжаттарды талдау арқылы шығыстар есебін қарауды жүзеге асырады.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом