Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІНЕ ЖАТПАЙТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒА...

Информация о документе
Датачетверг, 28 января 2016
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 28 января 2016

Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 46 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 233 бұйрығына

4-қосымша

 

 

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам,

олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

(2016.28.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну:

1) Министрлік кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияда және Министрлікте - жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру қосымша қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетің ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом