«Облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 3 қарашадағы №126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 189 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 37 бұйрығымен күші жойылды
«Прокуратура туралы» Заңның 37-бабының 4) және 9) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 126 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қазанда электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласының прокуратурасы туралы ереже;»;
2) аталған бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада:
бүкіл мәтін бойынша «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) аталған бұйрықпен бекітілген 17-қосымшада:
9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.».
4) аталған бұйрықпен бекітілген 18-қосымшада:
9-тармақ келесі редакцияда жазылсын: