«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 115 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және көрсетілетін қызмет алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында бекітілген талаптарға сәйкестігін техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер бойынша 4 (төрт) жұмыс күні ішінде, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.