«Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 533/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 525/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 533/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Комитетке заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
15-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) байланыс операторының шақыруға бастамашы болған абонент туралы ақпаратты ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беру қағидаларын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) әлеуметтік және мемлекеттік мәні бар мобильді қосымшалардың тізбесін әзірлеу;»;
29) тармақша алып тасталсын;
32) тармақша алып тасталсын;
72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: