Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды экспорттауға және импорттауға лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 маусымда № 32759 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген ерекше тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
2-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«2. «Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және халықаралық импорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
7-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«7. Лицензия шартқа (келісімшартқа) енгізілген тауарлар атауларының санына қарамастан, бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сәйкес әрбір тауар түріне бір он таңбалы кодты және Бақылау тізіміне сәйкес бір тауар кодын көрсете отырып, бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) шеңберінде беріледі.»;
13-тармақ келесі редакцияда баяндалсын: