«Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 249 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15928 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік авиацияның басқару органдарына:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы;